Елімізде 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар тіркелген - вице-министр

29 Қаңтар 2021, 10:37
941
Бөлісу:
Елімізде 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар тіркелген - вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алқа отырысында вице-министр Болат Тілепов 2020 жылғы азаматтық қоғамның даму процесі туралы есеп берді.

Азаматтық қоғам өкілдерінің жалпы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қатысуы мемлекеттік мүдде. Ел Президенті өзінің жолдауында ерекше атап өткен болатын. Елімізде 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Оның ішінде 16 мыңы іс жүзінде еңбек етсе, 5 мыңнан астам белсенді ұйымдар қатарына кіреді. Олардың барлығына да мемлекет бөлетін әлеуметтік тапсырыстар - гранттар мен қаржылай сыйақылар қол жетімді. Мәселен, былтыр қоғамдық ұйымдардың қатысуымен 1 250-ден астам әлеуметтік жоба іске асты. 100 деген ұйым әріқарай дамуға мүмкіндік алса, 38 ұйым қаржылай сыйақыға ие болды,- дейді Болат Тілепов.

Оның айтуынша, 2020 жыл еліміздің азаматтық қоғамы үшін мазмұнды өтті. 

Ең бастысы, осы саладағы стратегиялық құжат - елдегі үкіметтік емес ұйымдардың жаңа векторын қамтитын 2020-2030 жылдарға арналған «Азаматтық қоғамды дамыту конценциясы» қабыланды. Үкімет қаулымысымен осы тұжырымдаманы іске асыру жоспары бекітілді. Бес негізгі бағыт бойынша 33 іс-шара қамтылды. Дәлірек айтқанда азаматтық қоғам дамуын құқықтық жетілдіру, азаматтық белсенділікті дамыту және қолдау, сондай-ақ тұрғындардың мемлекеттік басқаруға кеңінен тарту секілді іс-шаралар қарастырылған,- дейді вице-министр.
Өзгелердің жаңалығы