Елімізде 2022 жылы қандай зауыттар іске қосылады?

26 Сәуір 2022, 10:43
1631
Бөлісу:
Елімізде 2022 жылы қандай зауыттар іске қосылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 2022 жылы елімізде қандай зауыттар іске қосылатынын айтты.

Министр 2022 жылдың негізгі жобаларын атап өтті.

Олар – Атырау облысында пропилен өндіретін зауыт салу. Қарағанды облысында автомобиль шиналарын жасайтын зауыттың құрылысы және Ақмола облысындағы алтын өндіру фабрикасы мен Түркістан облысында мұнай өңдейтін зауыттың құрылысы, – деді ол.

Сондай-ақ Шымкент қаласында алюминий банкілерін өндіру бойынша жоба іске қосылады.

Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысында – май экстракциялық зауыты, Жамбыл облысында – минералды тыңайтқыштар өндірісін кеңейту жоспарлануда. Алматы қаласында алюминий және биметалл радиаторларының өндірісі іске қосылады, – деді Қайырбек Өскенбаев.

Өзгелердің жаңалығы