Елімізде 200 мыңнан астам бала 9 мыңға жуық шығармашылық үйірмемен қамтылған - Мәдениет министрлігі

8 Қараша 2022, 14:28
662
Бөлісу:
Елімізде 200 мыңнан астам бала 9 мыңға жуық шығармашылық үйірмемен қамтылған - Мәдениет министрлігі

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында 2022 жыл – Балалар жылы болып жарияланды. Осы тапсырманы орындау мақсатында Мәдениет комитетінің жобаларын қамтитын балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Министрлік шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу балаларды бір үйірмемен оңтайландыруға, шығармашылық үйірмелер түрлерінің санын оңтайландыруға, үй-жайларға қойылатын талаптарды жетілдіруге, сабақтар үшін ең төменгі жасты ұлғайтуға мүмкіндік берді, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол балалардың шығармашылық үйірмемен қамтылу деңгейіне тоқталды. 

Бүгінгі таңда 224 314 бала мен жасөспірім 8973 шығармашылық үйірмемен қамтылған. «Оқушының мәдени нормативі» республикалық мәдени-білім беру жобасын іске асыру кеңінен қамтылды. Жоба еліміздің 1510 мектебінде енгізілді, бұл мектептердің жалпы санының 20% құрайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 30%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр, - деп атап өтті Роза Кәрібжанова.

Өзгелердің жаңалығы