Елімізде 190 мыңнан астам адам онкологиялық диспансерлік есепте тұр

4 Ақпан 2022, 14:11
967
Бөлісу:
Елімізде 190 мыңнан астам адам онкологиялық диспансерлік есепте тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда онкологиялық диспансерілк есепте 190 мыңнан астам қазақстандық тұр. Бұл туралы ДСМ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі хабарлады. 

Жыл сайын елімізде қатерлі ісіктің 36 мыңға жуық жаңа оқиғалар тіркеледі. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 190 мыңнан астам қазақстандық тұр. Жыл сайын онкологиялық аурулардан шамамен 14 мың адам көз жұмады. 

Елімізде қатерлі ісіктің ең көп тараған түрлері: сүт безі обыры, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры және колоректалды обыр болып табылады.

Республика бойынша жатыр мойны обырын, сүт безі қатерлі ісігін және тік ішектің қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша ұлттық скринингтік бағдарламалар жүргізіледі. Қазақстан азаматтарына онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді және мемлекеттік бюджеттен толығымен қамтылған, - деп атап өтті институт өкілі. 

Еске сала кетейік, бүгін, яғни 4 ақпан – Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні деп белгіленген. Осылайша, халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы ақпараттандыруға басымдық беріліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы