Елімізде 13 мектеп Илон Масктың Starlink желісіне қосылды

16 Сәуір 2024, 14:36
228
Бөлісу:
Елімізде 13 мектеп Илон Масктың Starlink желісіне қосылды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін жоғары жылдамдықтағы интернет тартылып жатыр. Қазіргі уақытта Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша 13 мектеп Starlink желісіне қосылды, - деді ол.

Мереке Амангелдіқызы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын айтты.

26 мыңнан астам педагог пен білім беру саласының қызметкері су тасқынына қарсы шараларға, оның ішінде жағалауды бекіту жұмыстарына қатысып жатыр.

400-ге жуық мектеп психологы эвакуациялық пункттердегі балалар мен азаматтарға психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Одан бөлек министрліктің бағынысты ұйымдары мен аумақтық департаментерінің 300-ден астам қызметкері балалардың оқу процесі мен сапалы демалысын ұйымдастырып жатыр, - деп айтты Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі брифингте.

Өзгелердің жаңалығы