Елімізде 109 мыңға жуық адам ішімдік пен есірткіге тәуелді - ДСМ

14 Наурыз 2023, 12:40
1156
Бөлісу:
Елімізде 109 мыңға жуық адам ішімдік пен есірткіге тәуелді - ДСМ

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, есірткіге тәуелділік Қазақстан үшін де, әлемнің барлық елдері үшін де өзекті мәселе болып отыр.

Ресми статистикалық деректерге сәйкес Қазақстанда психоактивті заттарды қолдану салдарынан 108851 адам, оның ішінде алкогольге тәуелділігі бар - 90608 адам, есірткіге тәуелділігі бар - 18243 адам динамикалық  бақылауда тұрады. 1498 әйел мен 97 кәмелетке толмаған бала есірткіге тәуелді. «Синтетикалық» жаңа психоактивті есірткі заттарына тәуелді адамдар санының өсу тенденциясы байқалады. Соңғы жылдары психикалық денсаулық сақтау қызметінде нашақорларға көмек көрсету бөлігінде мынадай өзгерістер жүргізілді, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Сонымен қатар ол медициналық көмек көрсету құрылымы оңтайландырылғанына тоқталды. 

2016 жылы 47 психиатриялық және наркологиялық диспансер 17 өңірлік психикалық денсаулық орталықтарына біріктірілді. Қалалық аумақтық емханаларда амбулаториялық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін ауылдық жерлердегі аудандық ауруханаларда 82 бастапқы психикалық денсаулық орталығы және 203 психикалық денсаулық кабинеті ашылды.  Есірткіге тәуелді адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалтуды дамыту мақсатында медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшелерінің саны 5-тен 11-ге дейін ұлғайды, - деді вице-министр. 

Өзгелердің жаңалығы