Елімізде 10 млн-ға жуық мал сырғаланған

13 Қаңтар 2020, 10:38
2473
Бөлісу:
Елімізде  10 млн-ға жуық мал сырғаланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ тарапынан 2019 жылы жергілікті атқарушы органдарға ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру үшін 9 млн 933 мың дана құлақ сырғалары берілді.

Осылайша, төлдерді сәйкестендіру үшін қажет құлақ сырғалары 100 пайызға қамтамасыз етілді.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан келіп түскен сұраныстарға сәйкес 2019 жылы ірі қара малдарды сырғаландыру үшін – 2, 8 млн дана, ұсақ мүйізді малдарға – 6,8 млн дана; шошқаға – 223, 5 мың дана, түйе малына – 44, 8 мың дана құлақ сырғалары берілді. Жалпы республика бойынша 2019 жылдың 31 желтоқсандағы мәліметтерге сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру деректер қорында 7 696 606 бас ірі қара, 19 871 460 бас ұсақ мал, 716 070 бас шошқа, 2 708 609 бас жылқы, 214 434 бас түйе тіркелген, - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгінгі күні Қазақстанда 31 млн астам ауыл шаруашылығы жануарлары бар.

Өзгелердің жаңалығы