Еліміз жыл сайын 17 млн тонна шикі мұнай өңдейді

3 Сәуір 2023, 16:11
1241
Бөлісу:
Еліміз жыл сайын 17 млн тонна шикі мұнай өңдейді
Фото: egemen.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр еліміздегі жанар-жағармайдың жағдайына тоқталды.

Үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнай өңдеу көлемі 3 млн тоннаға өсті. Қазір жылына шамамен 17 млн тонна шикі мұнай өңделеді, - деді Ақшолақов.

Сөзінше, соңғы 5 жылда еліміз бензин шығару көлемін 70 пайызға, яғни 3 млн-нан 5 млн-ға дейін, ал дизель отынын 30 пайызға, яғни 4 млн-нан 5,2 млн-ға дейін өсірді.

Былтыр дизель отынын шығару бойынша рекордты көрсеткіш 5,2 млн тоннаға жетсек те, қазіргі жағдайда еліміздің бірқатар өңірінде дизельдің тапшылығы бар. 350 млн тонна көлеміндегі дефицитті қымбат бағадағы импорттық отынмен жабуға мәжбүр болдық, - деп түсіндірді Болат Ақшолақов.

Өзгелердің жаңалығы