Еліміз WAPES-тің 81-ші мүшесі болды

12 Қазан 2023, 13:29
644
Бөлісу:
Еліміз WAPES-тің 81-ші мүшесі болды
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚҚазақстанның мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің өкілі ретінде Дүниежүзілік мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері қауымдастығына кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

WAPES – бұл жұмыспен қамту қызметіне немесе еңбек нарығындағы саясатты жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік және үкіметтік органдардың халықаралық коммерциялық емес қауымдастығы. Оны 1988 жылы Канада, Франция, Германия, Нидерланды, Швеция және АҚШ Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп құрған болатын.

WAPES-ке қатысушы елдер өзара жаһандық кәсіби байланысты қолдайды, жұмысқа орналастыру, көші-қон, кәсіптік оқыту және мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтерінің (бұдан әрі – МЖҚ) бірлескен жобалары мен іс-шаралары шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Қазақстанның Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметіне облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 20 еңбек мобилділігі орталығы, аудандар мен қалаларда орналасқан 207 мансаптық орталық, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар кіреді.

Жұмыспен қамту саласындағы саясатты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айқындайды. ЕРДО өз кезегінде еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыспен қамту қызметін әдіснамалық қолдауды, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамытуды және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Қауымдастықтың мүшесі бола отырып, Қазақстан жұмыспен қамту және еңбек нарығы саласында ақпарат алмасу мақсатында WAPES-ке қатысушы елдермен байланыста болып, МЖҚ саласындағы үрдістер туралы хабардар болады, WAPES жүргізетін жобалар мен зерттеулерге қатыса алады.

Бұл Қазақстанның жұмыспен қамту қызметінің кәсіби әлеуетін арттыруға және оның қызметіне озық халықаралық тәжірибені енгізуге, сондай-ақ МЖҚ стратегиясы мен қызметі бойынша жаһандық диалогқа үлес қосуға, Қазақстанның халықаралық аренадағы жұмыспен қамту саласындағы жетістіктері туралы мәлімдеуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы