Еліміз Омар сұлтандығымен ынтымақтастықты нығайтады

Бүгiн, 03:16
106
Бөлісу:
Еліміз Омар сұлтандығымен ынтымақтастықты нығайтады
Фото: gov.kz

Қазақстанның Омандағы елшісі Айдарбек Тұматов пен Оман Сұлтандығы Сыртқы істер министрінің орынбасары Шейх Халифа әл-Харсидің кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту жолдарын талқылап, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті дамыту, көлік-логистика саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін беретін үкіметаралық комиссияның бірінші отырысын өткізу қажеттігін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар Астана мен Масқат арасындағы диалогты одан әрі арттыруға, сондай-ақ жетекші халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ынтымақтастыққа берік ұстанымдарын растады.

Өзгелердің жаңалығы