Еліміз мұнай өндіру көлемін арттырады

18 Шілде 2021, 20:15
2382
Бөлісу:
Еліміз мұнай өндіру көлемін арттырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 шілдеде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер отырысы бейнеконференция форматында өтті. Қазақстан тарапынан отырысқа Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты.

ҚР ЭМ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, министр Нұрлан Ноғаев өз сөзінде ОПЕК+ келісімі шеңберінде қабылданған шаралар арқасында әлемдік мұнай нарығындағы жағдай жақсы жаққа өзгергендігін атап өткен. Қазақстан келісімге қатысушы елдердің ағымдағы өндіріс көлемін ұлғайтуды жақтады. 

Кездесудің қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдері мұнай өндірудің қазіргі деңгейін келісімге қатысушылар 5,8 млн баррель деңгейіндегі тәуліктік шектеуді алғанға дейін, ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге ұжымдық ұлғайту туралы шешім қабылданды. 

Сонымен бірге 2021 жылдың желтоқсан айында қатысушылар арасында нарықтың жай-күйін және арықарай жүргізілетін ықтимал шараларды талқылау үшін кеңестер өткізу туралы шешім қабылданды. 

Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін міндеттемелер тамыз айында тәулігіне 1,491 млн баррельді құрайды, сонымен бірге ай сайын орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге ұлғайып отырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Арыста мұнай өндіріле бастайтыны туралы хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы