Еліміз еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу міндетін қойды - Президент

28 Қыркүйек 2022, 11:34
977
Бөлісу:
Еліміз еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу міндетін қойды - Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сарапшылардың болжамы бойынша, он жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы цифрлық платформалық модельдерге негізделеді. Осындай жағдайда Қазақстан өз алдына еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу стратегиялық міндетін қойды. Бұл үшін берік негіз бар. Бүгінде Қазақстан көптеген дамыған елден озып, БҰҰ-ның цифрланған мемлекеттер рейтингінде үздік отыз елдің қатарына кіреді. Еліміз цифрландырудың дамыту векторын мазмұндық жағынан да, институционалдық тұрғысынан да нақты айқындағанын атап өткен жөн, - деді Президент.

Еске сала кетейік, 28-29 қыркүйекте елордамызда дәстүрлі Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді. Биылғы форумның тақырыбы - «Central Eurasia as a new tech platform» - «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде қалыптасуда». 

Өзгелердің жаңалығы