Еліміз бойынша 22 тамызға арналған ауа райы болжамы

21 Тамыз 2024, 21:48
443
Бөлісу:
Еліміз бойынша 22 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

Синоптиктер бейсенбі, 22 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республикамыздың батысында, оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Солтүстік-батыс циклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады: найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, шығыста, еліміздің орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Республикамыз бойынша ортақ тән табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Сондай-ақ еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады, – деп жазды синоптиктер.

Сондай-ақ Атырау, Абай облыстары, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау өңірінің батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы өңірінің батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Атырау өңірінің орталығында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды өңірінің оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Өзгелердің жаңалығы