Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

31 Желтоқсан 2019, 16:25
1831
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер алдағы 1-2 қаңтар күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болатын ескертті.

Көкшетау қаласы мен Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 23-
28 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде қалың қар түсіп, көктайғақ болады. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 23-
28 м/с дейін барады.

Елордада қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде күші 15-
20, екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Орал қаласы мен Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының кей жерлерінде жауын-шашын жауады (көбінесе қар), тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шымкент және Түркістан қалаларында, сондай-ақ Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%

Өзгелердің жаңалығы