Еліміз аумағы бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

27 Ақпан 2023, 09:03
1307
Бөлісу:
Еліміз аумағы бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
Фото: inform.kz

Қазгидромет синоптиктері 27 ақпан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашын жаумайды.

Тек атмосфералық фронттардың әсерінен республикамыздың батыс жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады.

Еліміздің қиыр солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.

Республика аумағы бойынша тұман түседі, жел күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы