Еліміз әлемдік стандартқа сәйкес пе? – бағалау шаралары өтті

8 Маусым 2023, 17:00
870
Бөлісу:
Еліміз әлемдік стандартқа сәйкес пе? – бағалау шаралары өтті
Фото: скрин

Бұл туралы Астана халықаралық форумының кулуарында ЕАТ секретариат мүшесі Назерке Жампейіс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Секретариат мүшесі алдымен бүгін аптаның ең маңызды күні екенін және осы күнді Президент әкімшілігінің басшысы ашқаны Қазақстанның қылмыстық әрекеттермен күресуге өте жоғары деңгейде мән беретінін білдіретін үлкен белгі екенін айтты. Сондай-ақ осы аптаның ортасында бірнеше тәжірибе алмасу іс-шарасы өткенін хабарлады.

Қазақстан өз тәжірибесін басқа елдермен бөлісу үшін екі сағаттың ішінде үлкен іс-шара өткізді. Айта кетерлік жайт, көрші мемлекеттерден басқа Үндістан, Қытай сияқты елдер де еліміз қолданып жатқан іс-шараларға таң-тамаша болып, өз тәжірибесінде қолдануға аларлық дүниелерді үйренгенін атады, - деді ол.

Назерке Жампейіс іс-шараны абыроймен өткізген әріптестеріне алғыс айтып, еліміз жоғары бағаланатынына сенім білдірді.

Осы жылдың аясында Қазақстан еуразиялық топ тарапынан бағалау кезеңінен өтті. Яғни әлемдік стандарттарға Қазақстан қаншалықты сәйкес келетінін бағалау шаралары өтті. Бүгін сол шаралардың нәтижесін көретін боламыз. Бағалау нәтижесі мен есеп бүгін қабылданады. Қазақстан жоғары баға алады деген сенімдеміз, - деді Назерке Жампейіс.

Өзгелердің жаңалығы