Еліміз әлемдік рейтингте 80-нен 65-орынға көтерілді

17 Қараша 2022, 13:56
960
Бөлісу:
Еліміз әлемдік рейтингте 80-нен 65-орынға көтерілді

Биыл Қазақстан Әлемдік экономикалық форум ұсынатын 160 елдің Гендерлік дамуының жаһандық индексінде 80-орыннан 65-орынға көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы «Қазақстан дамуының жаңа сатысындағы отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат» атты Халықаралық ғылыми конференцияда «БҰҰ-ның Қазақстандағы әйелдер құрылымының» өкілі Мария Доценко хабарлады.

Маманның айтуынша, бұл рейтингте алғашқы орындарда Скандинавия елдері тұрады. Ал Еуропа мен Орталық Азиядағы ТМД елдерінің ішінде Қазақстан төртінші орынды иеленеді. 

Сонымен қатар, Мария Доценко Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтық қоғаммен бірлесіп дайындап жатқан әлеуметтік кодексте гендерлік саясатқа қатысты бірқатар сұрақтар көтерілетінін жеткізді.

Біз жүргізген әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, әйелдер үйде ерлермен салыстырғанда үш есе көп жұмыс істейді, бірақ ол еңбек төленбейді. Осыған қатысты және әйелдерге икемді жұмыс кестесі мен үйден жұмыс істеу мүмкіндігі барлық жұмыс орындарында қарастырылмауы әлеуметтік кодексте қамтылатын болады. Сондай-ақ әлі күнге дейін әйел үйде отыру керек, үй шаруасы және бала тәрбиесімен ғана айналысу керек деген дәстүрлі стереотиптермен ары қарай жұмыс істеу керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы