Елге Үндістаннан әкелінген 70 тоннаға жуық күріш кері қайтарылды

5 Қазан 2024, 23:50
11785
Бөлісу:
Елге Үндістаннан әкелінген 70 тоннаға жуық күріш кері қайтарылды
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Маңғыстау облысында "Болашақ" ФББ инспекторлары импортталатын карантинге жатқызылған өнімде фитосанитариялық талаптардың бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Үндістаннан Таразға баратын 66,9 тонна күріш берілген фитосанитарлық сертификатқа сәйкес келмеген.

Жамбыл облысындағы «Қарасу» ФББ инспекторлары фитосанитариялық сертификаттың болмауына байланысты Қырғызстанға 22 тонна жаңғақ қайтарып берді. Осындай жағдай Қостанай облысындағы «Қайрақ» ФББ-де орын алып, Ресейге 22,9 тонна картоп қайтарылды. Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» ФББ-де қажетті құжаттары жоқ бір тонна алма табылды.

Астана қаласы АИ инспекторлары «Астана халықаралық әуежайы» ФББ-де Ресей Федерациясынан авиарейспен фитосанитариялық сертификатсыз келген көшеттерді анықтады, бұл жүк импорттаушы елге қайтарылды.

Ресей Федерациясынан келіп түскен ағаш материалдарына (75,5 м3) қайталама бақылау жүргізу кезінде Көкшетау ҚАИ және Абай ААИ (Қарағанды облысы) инспекторлары қарақарағайдың тірі дернәсiлдерiн тапты. Өнім иелеріне қатысты барлық фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды, - делінген ведомство хабарламасында.

Бұдан басқа, Орал қаласы АИ инспекторлары міндетті қайталама бақылауға мақсары (импорттаушы ел – Ресей) ұсынбағаны үшін өнім иесіне әкімшілік бұзушылықтар туралы хаттамалар жасады.

Өзгелердің жаңалығы