Елге тегін дәрі-дәрмек жеткізушілер үстеме бағаны көтеруі мүмкін

2 Тамыз 2023, 14:57
1185
Бөлісу:
Елге тегін дәрі-дәрмек жеткізушілер үстеме бағаны көтеруі мүмкін
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ

Елдегі кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы берілетін дәрі-дәрмекті жеткізушілер үстеме бағаны көтеруі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы елордада өткен бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағалау жобасын талқылау бойынша Жария тыңдау барысында белгілі болды.

Дәрі-дәрмектің үстеме бағасы былтырдың қорытындысына қатысты шығындарды негізге алған. Нақтылар болсақ, шығындардың басым бөлігі логистика саласына қатысты болып отыр. Яғни дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды тасымалдау, оны сақтау мен тиеу-түсіру жұмыстарын қамтиды. Оған шығынның 45%-ы тиесілі. Үстеме бағаны ашық талқылауға салу бірыңғай дистрибьютор үшін маңызды деп санаймыз, - деп атап өтті «СК Фармация» ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім Смаилова.

Сонымен қатар ол дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуде үлкен тәжірибе барын алға тартты.

Дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдармен уақытылы қамтамасыз етуде бізде COVID-19 пандемиясы мен Қаңтар оқиғасы кезіндегі тәжірибеміз бар. Әсіресе сондай жағдайларда дәрі-дәрмекке сұраныс артатыны белгілі. Уақытша проблема орын алмас үшін қорымыздың болуын негізгі стратегиялық міндетіміз ретінде қарастырамыз, - деді компания өкілі.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада алғаш рет бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағалау жобасын талқылау бойынша Жария тыңдау өтті.

Белгілі болғандай, жария тыңдаулар – арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтің бағасын бекітудегі міндетті рәсімдердің бірі. Үстеме баға жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізу Бірыңғай дистрибьютор қызметінің ашықтығын көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы