Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елге қайтарылған қаражатқа 400-ден астам әлеуметтік нысан салынып жатыр

15 Шілде 2025, 10:09
631
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстанда заңсыз шығарылған активтер қаражаты есебінен 400 ден астам нысан салынып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, мемлекеттік бюджеттің кірістері шамамен 11 трлн теңгені құрады. 

Республикалық бюджет 31 млрд теңгеден аса артығымен орындалып, 100,5% атқарылды.  Жергілікті бюджеттер де сенімді өсім көрсетті: кірістер 117% немесе 656,6 млрд теңгеге атқарылды. 

Қазақстанда заңсыз шығарылған активтер қаражаты есебінен 400-ден астам нысан салынып жатыр, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Министр ұсынған деректерге сәйкес, мемлекетке қайтарылған активтер қаражаты есебінен Арнаулы мемлекеттік қорға 434,3 млрд теңге түсті.

Бүгінгі таңда осы қаражаттың ішінен 318,1 млрд теңге сомасына 406 әлеуметтік маңызы бар жоба қаржыландырылды, оның ішінде: сумен жабдықтау және су бұру желісінің 230 жобасы; 162 денсаулық сақтау жобасы; білім беру саласындағы 10 жоба; спорт саласындағы 4 жоба, - деді министр.

Еске салайық, бүгінгі Үкімет отырысындағы жиында 2025 жылғы қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері талқыланады.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы ұйымдастырылады. Үкімет отырысы мен баспасөз мәслихатының тікелей көрсетілімі BAQ.KZ сайтында жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы