Елге ПТР анықтамасыз 228 азамат келді

23 Ақпан 2021, 13:31
1447
Бөлісу:
 Елге ПТР анықтамасыз 228 азамат келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.


1 727 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 499 адам, анықтамасыз 228 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 040 жолаушы, анықтамамен - 844, анықтамасыз - 196;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 494 жолаушы, анықтамамен - 463; анықтамасыз - 31;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 184 жолаушы, анықтамамен - 183; анықтамасыз - 1;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 9 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 21 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша анықтамасыз келген 202 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде, бір жолаушы Стамбул – Алматы рейсімен, үш жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.


Өзгелердің жаңалығы