Елге келген жолаушының бәрі ПТР анықтамамен келген

21 Мамыр 2021, 15:00
1503
Бөлісу:
Елге келген жолаушының бәрі ПТР анықтамамен келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Мажарстан, Мальдив Республикасы, Грузия, Иран, Қытай, Литва, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 31 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Өткен тәулікте  3 530 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 1 850 жолаушы; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 242 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 246 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 147 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 45 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.

Өзгелердің жаңалығы