Коронавирус: Елге 211 жолаушы анықтамасыз келген

17 Наурыз 2021, 10:31
1399
Бөлісу:
Коронавирус: Елге 211 жолаушы анықтамасыз келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 наурызда ел аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келген.

3 640 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 429 адам, анықтамасыз 211 ел азаматы келген.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 366 жолаушы, анықтамамен – 2 195, анықтамасыз - 171;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 584 жолаушы, анықтамамен - 568; анықтамасыз - 16;

Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 543 жолаушы, анықтамамен - 519; анықтамасыз - 24;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 147 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген жолаушылар келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

15 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 150 жолаушының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Өзгелердің жаңалығы