Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

20 Маусым 2022, 22:49
1130
Бөлісу:
Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы, IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы Данияр Елеусінов пен украиналық Иван Голуб арасындағы жекпе-жектің қайда өтетіні белгілі болды.

Sports.kz сайтының мәліметінше, жартылай орта салмақтағы титулдық емес кездесу 25 маусым күні Техас штатының Сан-Антониодағы Tech Port Arena аренасында өтеді.

31 жастағы Данияр Елеусінов 2016 жылғы Олимпиадада алтын медаль иеленген болатын. Кәсіби мансабында 11 айқаста жеңіске жетіп, оның бесеуін нокаутпен аяқтаған еді. Соңғы рет Қазақстан өкілі шаршы алаңға 2021 жылдың желтоқсан айында шығып, аргентиналық Хуан Эрнан Леальді жеңген.

33 жастағы Иван Голуб рингте 21 жекпе-жек өткізіп, 20-сында жеңген болатын. Оның 15-ін нокаутпен ұтқан. Өткен жылдың тамыз айында ол америкалық Эрик Уолкерді жеңіп, USBA нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді иеленді. 2017 жылы Иван Голуб АҚШ-тың спортшысы Джамонтей Кларкпен болған айқаста есе жіберген болатын. Бұл – украиналықтың жалғыз жеңілісі.

Өзгелердің жаңалығы