Елеусінов кезекті қарсыласымен көз арбасты

19 Желтоқсан 2019, 09:30
4697
Бөлісу:
Елеусінов кезекті қарсыласымен көз арбасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кезекті жекпе-жегінің алдында қарсыласымен көз арбасты.

Данияр Елеусінов 20 желтоқсанда Финиксте (Аризона штаты, АҚШ) Talking Stick Resort аренасында 28 жастағы америкалық Алан Санчеспен жұдырықтасады. Кездесу он раундқа есептелген.

Елеусінов кәсіпқой бокста 8 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. 4 кездесуді нокаутпен аяқтаған. Ал Санчес кәсіпқой бокста 20 (10 КО) рет жеңіп, бір рет тең түскен. Төрт рет жеңілген.

Өзгелердің жаңалығы