Елена Рыбакинаның жаңартылған WTА рейтингіндегі орны белгілі болды

9 Қазан 2023, 19:52
748
Бөлісу:
Елена Рыбакинаның жаңартылған WTА рейтингіндегі орны белгілі болды
Фото: prosports.kz

Бүгін Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) чемпионатының жаңартылған рейтингі жариялады,  деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сілтеме жасап.

Үздік ондық рейтингінде ешқандай өзгеріс болған жоқ. Қазақстандық үздік теннисші Елена Рыбакина 4-орында қалды.

Еске сала кетсек, Бейжіңде өткен турнирдің жартылай финалында ресейлік Людмила Самсонова Рыбакинаны екі кездесуде де сенсациялық түрде жеңген болатын. Есеп – 7:6 (7), 6:3. Осылайша, Самсонова рейтингте бес сатыға көтеріліп, 14-орынға жайғасты.

Сонымен, қазіргі көрсеткіш төмендегідей:

1. Арина Соболенко (Беларусь) – 8 425.

2. Ига Швёнтек (Польша) – 7 795.

3. Кори Гауфф (АҚШ) – 5 955.

4. Елена Рыбакина (Қазақстан) – 5 865.

5. Джессика Пегула (АҚШ) – 4 720.

6. Маркета Вондроушова (Чехия) – 3 671.

7. Каролина Мухова (Чехия) – 3 650.

8. Онс Жабер (Тунис) – 3 650.

9. Мария Саккари (Грекия) – 3 245.

10. Мэдисон Кис (АҚШ) – 2 737...

14 (+5). Людмила Самсонова (Ресей) – 2 545.

Өзгелердің жаңалығы