Елена Рыбакина WTA-500 турнирінің келесі кезеңіне өтті

21 Маусым 2023, 01:29
646
Бөлісу:
Елена Рыбакина WTA-500 турнирінің келесі кезеңіне өтті
Фото: Instagram/lenarybakina

Әлемнің үшінші ракеткасы, Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Берлинде WTA-500 турнирінің келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рыбакина бірінші айналымда ресейлік теннисші Полина Кудерметованы жеңді (WTA рейтингінде 139-орындағы).

Екі сеттегі ойынның жалпы ұпайы: 6:4, 6: 2.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Елена Рыбакина 9 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Бұрын қос қарсылас кездесіп көрмеген екен.

Бұған дейін әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы өзінің мансабын аяқтайтынын жариялағаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы