Елена Рыбакина US Open үшінші айналымында жеңіліп қалды

2 Қыркүйек 2023, 12:32
574
Бөлісу:
Елена Рыбакина US Open үшінші айналымында жеңіліп қалды
Фото: idahopress.com

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымында ойнады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" санатындағы турнирдің үшінші айналымында хорватиялық теннисші, әлемнің 30-ракеткасы Сорана Кырстямен кездесті.

Қазақстандық теннисші 3:6, 7:6(8), 4:6 есебімен жеңілді.

Рыбакина үш сағатқа жуық созылған тартысқа толы матч кезінде үш эйс орындап, төрт қос қателік жасады. 13 брейк-пойнттың тек төртеуін сәтті пайдаланды. Осылайша, АҚШ ашық чемпионаты турнирінде Қазақстанның ешқандай өкілі қалмады.

Бұған дейін жұптық сындағы теннисшілер Анна Данилина мен Андрей Голубев турнирден шығып қалған еді.

Өзгелердің жаңалығы