Елена Рыбакина Дохадағы турнирдің ширек финалына өтті

15 Ақпан 2024, 13:13
885
Бөлісу:
Елена Рыбакина Дохадағы турнирдің ширек финалына өтті
Фото: Sports.kz

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 23-орында тұрған америкалық, 22 жастағы Эмма Наварромен шеберлік байқасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірінші партияда Рыбакина 5:0 есебімен алға шықты – 6:1.

Керісінше тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте Наварроның асығы алшысынан түсті – 7:6 (8:6).

Үшінші, шешуші партияда Елена брейк жасап, 4:2 есебімен алға шықты. Ақыры осы басымдылығынан танған жоқ – 6:4.

Екі сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы 10 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын мүлт жіберген жоқ.

Айта кетейік, Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 38-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы