Елена Рыбакина Брисбен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

7 Қаңтар 2024, 13:38
1016
Бөлісу:
Елена Рыбакина Брисбен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: ҚТФ

Елена Рыбакина Брисбенде (Австралия) өткен WTA 500 сериясы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші Беларусь теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Арина Сабаленконы ұтты.

Бірінші сет 25 минутқа созылды. Рыбакина 6:0 есебімен жеңді. Екінші ойында 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Елена Рыбакина 2024 жылдың алғашқы жарысында чемпион атанды.

Өзгелердің жаңалығы