Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирді аяқтады

20 Тамыз 2021, 10:24
7092
Бөлісу:
Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирді аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен тандемде АҚШ-тың Цинциннати қаласындағы жарыстың ширек финалына шыға алмады. 

Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

1/8 финал матчында Рыбакина мен Кудерметова екі сетте америкалық Николь Меличар мен голландиялық Деми Схурстан ұтылды - 4:6, 4:6.

Айта кетейік, бұған дейін испаниялық теннисші Паула Бадостан ұтылып (2:6, 6:7), жекелей сында да жарыс жолынан шығып қалды.

Өзгелердің жаңалығы