Электрондық форматтағы қызмет деңгейі 93 пайызға жетті – Әлихан Смайылов

28 Маусым 2022, 09:57
1237
Бөлісу:
Электрондық форматтағы қызмет деңгейі  93 пайызға жетті  – Әлихан Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықтың тұрмыс деңгейі мемлекеттік қызметтердің қолжетімді болуына және олардың сапасына байланысты.

Бұны Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Бұл салада сервисті үнемі жетілдіре отырып, азаматтарға ыңғайлы әрі сапалы  қызметтерді ұсынудың маңызы өте зор. Соңғы бір жылдың ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 2 есеге жуық өсті, - деді Әлихан Смайылов.

Ол бүгінде электрондық форматтағы қызметтердің деңгейі 93%-ті жеткенін айта өтті. 

Қызметтердің 66%-ін азаматтар кәдімгі смартфон арқылы алып отыр. Азаматтың жеке басына қатысты 18 құжат түрі цифрлық форматта беріледі, яғни оларды қағаз жүзінде растаудың қажеті жоқ. Электронды қызметтер мен базалардың интеграциясы азаматтардың өмірін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Олар мемлекеттік органдардың есігін тоздырып, қағазбастылыққа салынып, әуреге түспейді. Бұл жұмысты әрі қарай кеңейту қажет, - деді Премьер-министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысының айтуынша, елімізде электронды форматтағы банктік қызмет түрлері жақсы дамып келеді.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін банктік қосымшаларда мемлекеттік қызмет сервистері енгізілуде. Оларда ең жоғары деңгейдегі заманауи қорғау тәсілдері, биометрия қолданылуда. Дегенмен, банктер алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткеніне барынша назар аударып, клиенттердің деректерін қорғауды күшейтуі қажет, - деді Әлихан Смайылов.

Смайыловтың атап өтуінше, отандық ІТ-саланы дамыту, қазақстандық электрондық өнімдерді әзірлеу бағытында белсенді жұмыс жүргізу және оларды қолдану аясын кеңейту қажет.

Біз инновациялық шешімдерге, оның ішінде халыққа электрондық қызмет көрсету саласына қашанда қолдау көрсететін боламыз. Бұл ретте, назар аударатын бірқатар мәселелер бар, - деп ол.

Өзгелердің жаңалығы