Электрондық шот-фактураны жазып беруден кім босатылады?

1 Шілде 2021, 11:55
2128
Бөлісу:
Электрондық шот-фактураны жазып беруден кім босатылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қандай кәсіпкерлік субъектілері электрондық шот-фактураны жазып беруден босатылатыны туралы айтып берді. Жаңашылдықтар 2021 жылдан бастап қолданысқа енгізілді.

Электронды шот-фактура (ЭШФ) жазып беру бойынша міндеттемелерді орындауды жеңілдету мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті пилоттық жобаны іске қосты. Оған сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін ЭШФ жазып беруден босату қарастырылған, - делінген МКК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы №588 бұйрығымен белгіленген.

ЭШФ жазып беру міндетінен:

  1. құны 1000 еселенген АЕК мөлшерінен (2,9 млн теңге) асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша кәсіпкерлік субъектілері;
  2. сатып алынған тауарды түпкілікті тұтыну мақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізу кезінде кәсіпкерлік субъектілері;
  3. жеке және заңды тұлғаларға тауарларды өткізу кезінде ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын - микрокәсіпкерлік субъектілері шот-фактура жазып беруден босатылады.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактура жазып беруді талап еткен жағдайда, жеткізуші осындай талапты орындауға міндетті екендігін ескеру қажет.

Пилоттық жобаның қатысушылары болып жоғарыда көрсетілген талаптардың біріне сәйкес келетін салық төлеушілер танылады.

Өзгелердің жаңалығы