Электронды аударым түбіртектерін қолдан жасаған алаяқтар ұсталды

19 Тамыз 2020, 10:36
1336
Бөлісу:
Электронды аударым түбіртектерін қолдан жасаған алаяқтар ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда үш адам шағын дүкен сатушыларын электронды аударым түбіртектерін қолдан жасап алдап келген. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған ұқсас дерек өте көп.  Ер адамдар сауда жасау кезінде ақша аудару арқылы алдаудың жаңа тізбегін ойлап тапқан. Олар ең алдымен аз дегенде 100-ден 200 теңгеге дейін сауда жасайтын азық-түлік дүкендерін табады. Кейін саудагердің немесе дүкен иесінің карточкалық шоты туралы жеке мәліметтерді алып, фотошоп бағдарламасы арқылы алдын-ала үлкен сомаға ақша аудару үшін электронды түбіртектердің скриншоттарын дайындаған.

Күдіктілер – Б., К. және Р. есімді азаматтар. Қала мен облыс аумағында дүкен қызметкерлеріне қарсы алаяқтық жасады. Ер адамдар темекіні жалпы 170 мың теңгеге сатып алғысы келіп, сатушыға электронды ақша аударымымен төлегілері келетіндігін айтқан. Шын мәнінде, оларда “салынған” түбіртек дайын болған, оны есептесу кезінде сатушыға көрсеткен. Ер адамдар фотошоп көмегімен түбіртекке қажетті соманы толтырады. Бір қарағанда, “өнерді” түпнұсқадан ажыратуға келмейді, – дейді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов. 

Тергеудің осы кезеңінде ұсталғандардың осыған ұқсас 30 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталған. ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы