Алматы, BAQ.KZ. Жыл басынан бері 826 101 автокөлік құралы тіркеуге қойылған. Бұл туралы "ҚазАвтоПром" Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындарының одағы хабарлады.
2019 жылдың 7 айында елімізде 826 101 автокөлік құралдары тіркеуге қойылған. Бұл өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 12,3% жоғары. Оның ішінде 770 640 ұсталған техника, яғни қайта тіркеліп отыр. Ал, бірінші рет тіркелген көліктердің саны 55 461 бірлікті құрайды, бұл өткен жылғыға қарағанда 24,8% жоғары.
«2019 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша Қазақстанда электр қуатымен жүретін 11 жеңіл автокөлік тіркелген. Өткен жылы дәл осындай 39 көлік тіркелген болатын», - делінген хабарламада.
Тіркелген көліктердің үштен екісі ұсталған көліктер, яғни көбінің жүргеніне он жылдан асқан.