Елдос Жұмағұлов: Астана дипломатиялық оқиғалардың орталығына айналды

13 Қазан 2022, 14:20
1547
Бөлісу:
Елдос Жұмағұлов: Астана дипломатиялық оқиғалардың орталығына айналды

Еліміздегі орын алып жатқан соңғы саяси оқиғаларға байланысты Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Жұмағұлов Елдос Тәңірбергенұлы ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде Астана қаласы дипломатиялық оқиғалардың орталығына айналып отыр. Мемлекет басшысы, Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесінің саммитіне қатысушылар атап өткендей, бұрын игі шаралардың дені тек Еуропада өтетін болса, қазір ол Орталық Азияға алмасуда. Сондықтан аса маңызды аймақ ретінде Орталық Азияның кеңесте алатын орны ерекше деп ойлаймын. Сонымен бірге бұл форумға Түркия президенті Реджеп Ердоғанның, Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуы кеңестің талқылайтын мәселесінің көп екенін көрсетеді. Жалпы қауіпсіздік мәселесі, екіншіден терроризм, пандемияның салдары және мемлекет арасындағы шиеліністерді реттеу бойынша ауқымды мәселелер көтерілді, – деді сарапшы.

Сондай-ақ ол ертең өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысы туралы пікір білдірді.

Екінші күні өтетін – ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысы. Менің ойымша бұл ұйым толыққанды өз функциясын атқарып келе жатқан жоқ. Бұл ұйым ТМД елдері арасындағы орын алып жатқан шиеленістерді шешуде белсенді жұмыс істеуі керек деп ойлаймын. Ал жалпы Қазақстан үшін осындай дипломатиялық форумдарды ұйымдастыру сыртқы саясатты күшейтуде өте қажет, – деді Елдос Жұмағұлов.

Өзгелердің жаңалығы