Елдің ұлттық байлығынан түскен табыс әр отбасыға әділ үлестірілуі керек - сенатор

14 Ақпан 2023, 15:17
1416
Бөлісу:
Елдің ұлттық байлығынан түскен табыс әр отбасыға әділ үлестірілуі керек - сенатор
Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы сенатор Сұлтанбек Мәкежанов Сенатта өтіп жатқан ұлттық қорға қатысты отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген мемлекет» өз Жолдауында, уақтылы шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті. Қазіргі жағдайда, әлемдегі күрделі экономикалық жағдайды және оның Қазақстан экономикасына теріс әсерін ескере отырып, Ұлттық қор қаражатын ұтымды және тиімді пайдалану мәселесі өзекті болып отыр. Соңғы бірнеше жылдар бойы, бұл мәселе өте өткір көтеріледі, - деді сенатор. 

Сол үшін ұлттық қордың ресурстарын тиімді пайдалану қажеттігін алға тартты. 

Сондықтан Президент Ұлттық қор ресурстарын тиімсіз жұмсау тәжірибесін тоқтату міндетін қойып отыр. Шын мәнінде, Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалану мәселесі Сенат қабырғасында да тұрақты түрде көтеріліп келеді. Ұлттық қор активтерін тиімді басқару мен қордың инвестициялық тиімділік көрсеткішін арттыру мәселелері де талқыға түсті. Бүгінгі таңда жаңа экономикалық курстың басымдылықтарының бірі – ұлттық табысты әділ үлестіру. Әр отбасы елдің ұлттық байлықтарын пайдаланудың нақты қайырымын алуы тиіс, - дейді Сұлтанбек Мәкежанов. 

Өзгелердің жаңалығы