Елдің солтүстігіндегі көлдерде қырылған балық көбейді

28 Сәуір 2022, 22:25
2019
Бөлісу:
Елдің солтүстігіндегі көлдерде қырылған балық көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәселен, соңғы екі аптада осындай 7 факті тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғысы Айыртау ауданына қарасты Құспек көлінде болды. Жауапты мамандардың мәліметінше, көбінде су деңгейі төмендеген. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 500-ге жуық көл бар. Қыс мезгілінде жүргізілген аэрация еш нәтиже бермеді. Өйткені олар таяз болғандықтан, толығымен қатып қалған.

Қырылған балықтар толығымен жойылды. Сараптама қорытындысы олардың тұншығып қалғанын көрсетті. Себебі соңғы жылдары біз өзен-көлдерде судың азайғанын байқап отырмыз, – деп мәлімдеді СҚО бойынша балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің жетекшісі Ильдар Кәкімов.

Өзгелердің жаңалығы