Елдің оңтүстік аймақтарында аяз болуы ықтимал

20 Сәуір 2023, 07:39
715
Бөлісу:
Елдің оңтүстік аймақтарында аяз болуы ықтимал
Фото: qazaly.kz

Қазақстанның басым бөлігінде 20 сәуір күні жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Елдің батысында, солтүстік-батысы мен шеткі шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар немесе жаңбыр жаууы ықтимал.

Батыста, оңтүстік пен шығыста жел күшейеді.

Елдің басым бөлігінде тұман түседі.

Оңтүстік мен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрса, солтүстік-батыста күндіз найзағай ойнауы мүмкін.

Жетісу облысы аумағының басым бөлігінде түнде 2-7 градусқа дейін аяз болуы ықтимал. Жамбыл облысының таулы аймақтарында, сондай-ақ Түркістан облысының солтүстігі мен таулы жерлерінде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді. Ал, Алматы облысының солтүстігі мен батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетіндегі температура 2-3 градусқа дейін суиды.

Өзгелердің жаңалығы