Елдің 12 аймағында аптап ыстық әлі де сақталады

26 Шілде 2023, 07:48
685
Бөлісу:
Елдің 12 аймағында аптап ыстық әлі де сақталады
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК республика аумағында 26 шілде, сәрсенбіде болатын қауіпті метеорологиялық ахуалдарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек оңтүстікте, шығыста, елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде солтүстік-батыста тұман болады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында Жетісу, Абай, Ұлытау, Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-42°С қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында өте қатты ыстық - 42°С, Түркістан облысының батысында өте қатты ыстық, шөлді аудандарында 45°С, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында 40-42°С сақталады.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, облыстарында, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, орталығында, шығысында Қызылорда, батысында, оңтүстігінде Павлодар, оңтүстігінде Ақтөбе, батысында, солтүстігінде Атырау, оңтүстігінде, батысында Ақмола облыстарында төтенше өрт қаупі бар, - деп жазды «Қазгидромет» синоптиктері.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қостанайдың оңтүстігінде, Маңғыстау облыстарының батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, Батыс Қазақстан облысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы