Талғат Қалиев: Еxit-poll-да елдің көбі Тоқаевқа дауыс берді

10 Маусым 2019, 00:25
2268
Бөлісу:
Талғат Қалиев: Еxit-poll-да елдің көбі Тоқаевқа дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жастар орталығы жүргізген Еxit-poll нәтижесі бойынша сайлаушылардың 69,94%-ы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген.

«Exit-poll нәтижесі бойынша Жамбыл Ахметбеков - 3,06 пайыз, Дания Еспаева – 4,78 пайыз, Әміржан Қосанов -  14,96 пайыз, Төлеутай Рахымбеков – 2,71 пайыз, Амангелді Таспихов  - 2,63 пайыз, Қасым-Жомарт Тоқаев -  69,94 пайыз, Сәдібек Түгел – 1,92 пайыз алды», - деді брифингте «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев.

Exit-poll бүгін таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жүргізілген. 

«Біз 300 сайлау учаскесінде 12 мың сайлаушыдан сауалнама жүргіздік. Бөлімшелерді іріктеу және респонденттердің санын анықтау әр өңірдегі сайлаушылар санын есептеу жолымен жүргізілді. Осылайша, республикалық маңызы бар қалалардағы 30 бөлімшеде 1200 адам, облыс орталығы саналатын 14 қаладағы 61 сайлау бөлімшесінде 2440 адам, аулыды жерлерде 125 бөлімшеде 5 мың адам, шағын қалалардағы 84 бөлімшеде 3360 адамның пікірін білдік», - деді Талғат Қалиев.

Ал жалпы Exit-poll нәтижесі бойынша кандидаттардың дауыс жинау көрсеткіші төмендегідей.

3,86 % - Жамбыл Ахметбеков;
5,32 % - Дания Еспаева;
15,39% - Әміржан Қосанов;
1,41% - Амангелді Таспихов;
3,03% - Төлеутай Рахымбеков;
70,13% - Қасым-Жомарт Тоқаев;
0,86% - Сәді-Бек Түгел

Өзгелердің жаңалығы