Қарулы күштер саласында жемқорлық көрсеткіші артқан

24 Тамыз 2020, 12:18
1296
Бөлісу:
Қарулы күштер саласында жемқорлық көрсеткіші артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Қарулы күштер саласындағы жемқорлық қылмыс саны 76 пайызға артқан. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірақ іс жүзінде бұл сыбайлас жемқорлық қылмысының артуы емес, оның айқындалуының артуы. Қорғаныс министрлігі қолданып жатқан түбегейлі жаңа тәсілдерді ескерсек, бұл әбден болуы мүмкін нәрсе. Қорғаныс ведомствосы ештеңені жасырмайды, керісінше барлық ақпаратты тиісті органдарға бере отырып, ашық жұмыс істейді. Ақпан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әскери ортада сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Нөлдік төзімділік қағидасына сүйене отырып, Қарулы Күштер оларды жасырмайды және бірлескен жұмысқа бағытталған, – деді қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев. 

Қабылданған алдын-алу шаралары бюджет қаражатын жымқыру саласындағы қылмыстың азайғаны және 2019 бен ағымдағы жылы аталған қылмыстардың тіркелмеген. Негізінен, жеке әскери қызметшілердің өздерінің жеке тәртіпсіздіктері мен ашкөздіктерінің арқасында тұрмыстық эпизодтағы жемқорлық фактілеріне ғана жол берілген.
Біз өз қатарымызды жемқорлықтан тазартуға мүдделіміз. Бұл істе ешкімге аяушылық жоқ, - деп атап өтті министрдің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы