Елден заңсыз шығарылған ақшаның көлемі қанша?

30 Сәуір 2024, 11:41
271
Бөлісу:
Елден заңсыз шығарылған ақшаның көлемі қанша?
Фото: Арман Мухатов - архив

Бүгінгі таңда елден заңсыз әкетілген ақша көлемі орасан зор мөлшерге жеткен. Бұл туралы Сенатта өткен отырыста Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңсыз қаражат қозғалысын бақылайтын америкалық Global Financial Integrity (GFI) халықаралық зерттеу ұйымының жыл сайынғы есебінде Қазақстаннан жылына шамамен 16,7 миллиард доллар заңсыз әкетіледі. Мұны зерттеу ұйымы "Дамушы елдердегі капиталдың заңсыз экспорты" атты зерттеуінде ұсынған. Еліміз 148 дамушы елдің ішінде 11-ші орында тұр, - деді спикер "Капиталды заңсыз әкетудің алдын алу мақсатында валюталық реттеуді жүзеге асыру" тақырыбында өткен дөңгелек үстелде.

Мәкежанов капиталды алдын алу мен қайтаруды ажыратып алу керегін айтады.

Егер қайтару негізінен құқық қорғау блогының жауапкершілігінде болса, онда экономикалық блок заңсыз шығудың алдын алумен айналысады, - деді спикер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы заңсыз әкетілген капиталдардың ел экономикасына зияны туралы айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы