Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Елден 48 сағат ішінде кетуі керек". Сыртқы істер министрін елден қуудың себебі неде?

15 Сәуір 2025, 11:39
4426
Бөлісу:
 Alain Jocard/AFP
Фото: Alain Jocard/AFP

Алжир Франция шенеуніктерін елден шығаруды бұйырды. Екі ел арасындағы қарым-қатынас қайтадан шиеленісе түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ aljazeera.com-ға сілтеме жасап.

Франция Алжир үкіметін сынға алған "әлеуметтік желі жұлдызын ұрлады" деген күдікпен үш алжирлікті тұтқындағаннан кейін дипломатиялық жанжал қайта ушықты.

Алжир Франция шенеуніктерінің бір тобына елден 48 сағат ішінде кетуді бұйырды, Бұл екі ел арасындағы дипломатиялық шиеленісті одан әрі өршітіп отыр.

Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро дүйсенбі күні бұл шешімнің өткен жылы Парижде Алжир үкіметінің танымал сыншысының ұрлануына қатысты үш алжир азаматтың тұтқындалуымен байланысты екенін айтты.

Барро Алжир билігінен бұл қадамнан бас тартуды сұрап, егер олар өз шешімдерінен қайтпаса, Францияның "жедел жауап беруге мәжбүр болатынын" ескертті.

AFP агенттігінің дипломатиялық дереккөзіне сүйенсек, елден шығарылуы тиіс 12 адамның ішінде Францияның Ішкі істер министрлігінің өкілдері де бар.

Өткен аптада Франция прокурорлары үш алжир азаматын, оның ішінде консулдық қызметкерді, Амир Бухорсты ұрлау ісіне қатысы бар деген күдікпен айыптаған болатын.

Бұл азаматтар алдын ала қамауға алынып, "террористік астары бар қылмыстық сөз байласу" айыбымен де тергеліп жатыр.

Амир Бухорс — "Amir DZ" атымен танымал, TikTok-та бір миллионнан астам жазылушысы бар әлеуметтік желіде ықпалы бар тұлға. Ол Алжир үкіметін сынаушылардың бірі ретінде де танымал.

2023 жылы Франция оған саяси баспана берген. Адвокатының айтуынша, Бухорс 2024 жылдың сәуір айында Париж маңында ұрланған, бірақ келесі күні босатылған.

Алжир билігі оны сотқа тарту үшін елге қайтаруды талап етуде. Олар оған алаяқтық және терроризм айыптары бойынша тоғыз халықаралық іздеу ордерін жариялаған.

Өзгелердің жаңалығы