Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жоғары оқу орны студенттің болашағын анықтауы керек.
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев айтты.
Біріншіден, алдымен жұмыссыз жүрген жастардың кім екенін анықтап алумыз керек. Екіншіден, жоғары оқу орындары әр азамат оқу ордасын тәмандаған соң олардың тұрақты жұмысқа орналасуына үлес қосуы қажет. Егер жас азамат кәсіп ашып, оны дөңгелетем десе, оғанда жоғары оқу орнының тарапымен байланысты күшейту қажет, -деді Бейсенбаев Amanat партиясының ұйымдастырумен өткен іс-шарада.
Депуттаттың сөзінше, жүйелі түрде қолға алынса мәселені реттеуге болады.
Әлемдік тәжірибені қарасақ, университеттер жанында даму фондттары болады. Өкінішке қарай, бізде ол дамымаған. Неге десеңіздер, жоғары оқу орнын бітірген студент білім ордасымен байланысын үзіп кетеді. Ал егер студентке жұмыс тауып беріп, дамуына үлес қосатын болса, онда келешекте азаматтың өзі жоғары оқу орнының ілгерлеуіне септігін тигізеді, - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ Елнұр Бейсенбаев әр мектеп бітіруші түлекке кеңес берді.
Қазір жаңа заман. Жастар өздері сапалы оқу ордасын таңдай білуі қажет. Қазір нарық өзі-ақ әлсіз оқу орындарын ысыратын деңгейге жетті. Біздің мәдениетіміз сол деңгейге бара жатыр. Үкіметте соған сай әлсіз оқу ордаларын жауып отырады. Ата-аналар қауымдастығы күшеюі тиіс. Өркениетті елдерде мұндай мәдениет қалыптастқан, - деді Е.Бейсенбаев.