Елдегі энергетикалық активтер қатты тозған

30 Наурыз 2021, 15:00
1694
Бөлісу:
Елдегі энергетикалық активтер қатты тозған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуниакциялар қызметінде өткен онлайн брифингте Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов айтты.

Оның айтуынша, энергия көздерінің басым бөлігі өткен ғасырдың 60-70 жылдары іске қосылған. Қазіргі кезде елде 179-дан астам станция жұмыс істеді. Олардың басым көпшлігі жекеменшік.

Бүгінгі күні энергетикалық активтердің қатты тозғаны байқалып отыр. Негізігі шығындар оларды жұмыс жағдайында ұстауға жұмсалады. Станциялардың 60 пайызы көмірмен, 20 пайызы газбен, 9 пайызы сумен және үші пайызы жаңартылған эенергия көзімен жұмыс істейді. 2009 жылы іске қосылған электр қуаты нарығының арқасында станция активтері жаңартыла бастады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік қуаттардың тозу деңгейі орташа есеппен алғанда 58 пайыздан асса, өткен жылы бұл көрсеткіш 53 пайызды құрады, - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, елде электр энергиясын тұтыну көлемінің арту динамикасына қарағанда елдің бұл саласын эксплуатациялық модельден инвестициялық модельге ауыстыру қажеттілігі туындады. 

Мұндай модельге ауысу ең алдымен жаңа қуаттардың қосылуын және бар қуатты арттыруды талап етеді. Ол үшін 2023 жылға дейін қажетті жалпы инвестиция көлемі 15 млрд долларды құрап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар қолға алынды. Министрлік тарапынан энергия қуатының орташа көлемін сақтауға бағытталған шаралар бар. Қазірдің өзінде станциялар инвестициялық жобалар аясында өз қуаттарын арттыруға мүмкіндік алды. Келесі жылдан бастап 2026 жылға дейін инвестиция көлемі 400 млрд теңгені құрайтын 1325 мВат қуатты іске қосу жоспарланған, - деді вице-министр.

Соған қарамастан бұл салада проблема көп. Жұмыс істеп тұрған станциялардың басым бөлігі шығынын ақтамайды.

Әсіресе қаражаттың жеткіліксіздігінен жүргізілген жөндеу жұмыстары күмән тудырады. Өкінішке қарай бекітілген тариф аталған кәсіпорындардың шығынын жабуға қауқарсыз. Статистика бойынша 2000-ға жуық Мвт энергия үнемі апатты жағдайда немесе істен шыққан күйде тұрады, бұл үш облысты қамтамасыз етуге жететін қуат көзі, - деді ол.
Оның айтуынша, өткен жылы электр станцияларында 4458 мыңнан астам техникалық бұзушылықтар орын алған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11 пайызға артық. Әр техникалық бұзушылық елдің энергетикалық жүйесінің апатына әкеліп соғуы мүмкін.
Өзгелердің жаңалығы