Елдегі айналма жолдарды азайтамыз - Мейірхат Қасымбаев

7 Қыркүйек 2022, 11:15
894
Бөлісу:
Елдегі айналма жолдарды азайтамыз - Мейірхат Қасымбаев

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев «Желмая» жобасында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, ел аумағындағы айналма жолдар мәселесі – өзекті. 

Халықтың көкейін тесетін – ол айналма жолдар мәселесі. Шаң-тозаң жолды қанша су сепсең де, өңірлерде күннің ыстығы, желдің соғуы жол жүруді күрделендіреді. Министрліктің тарапынан, өз тарапымыздан дәл қазіргі ең бірінші мақсатымыз – айналма жолдардың санын азайту. Сол себепті биыл Қарағанды-Балқаш бағытындағы жолды айналма жолсыз ашып береміз, - деп атап өтті компания басшысы. 

Сонымен қатар ол әсіресе, жаз маусымында туристер ағылатын Алакөл бағытындағы айналма жолға тоқталды. 

Талдықорғаннан Алакөлге баратын бағыттағы айналма жол мәселесіне келсек. Оны былтыр мердігерлер бар күшін салып, 340 шақырымның 287 шақырымын ашқан. Биыл біз соны толықтай Алакөлге дейінгі біраз айналма жолдарды қысқартамыз. Шығыстағы қазіргі Абай облысының аумағында 170 шақырым айналма жол бар. Жылына жасалатын жолдардың санын шамамыз жеткенше 400-500 шақырым деп белгілейміз деген ниеттеміз. Осы жылы Талдықорған-Өскемен, Қарағанды-Балқаш, Мерке-Бурылбайтал, Ақтөбе-Қандыағаш жолдарын аяқтаймыз. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тікелей бақылауында отырған Оралдағы Қазталов-Жәнібек, Өнеге-Бисен-Сайқын жолының 100 шақырымдайын ашамыз, - деді Мейірхат Қасымбаев.

Өзгелердің жаңалығы