Елде жоғары білімі бар әйелдер үлесі ЖОО бітірген ерлерден артық

18 Қараша 2022, 13:23
780
Бөлісу:
Елде жоғары білімі бар әйелдер үлесі ЖОО бітірген ерлерден артық

Бұл туралы Астанада «Қазақстан дамуының жаңа сатысындағы отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат» атты халықаралық ғылыми конференция барысында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстанда әйелдер медицина, білім, ғылым салаларында айтарлықтай ұсынылған. Елде мемлекеттік қызметшілерінің шамамен 55 пайызы – әйелдер. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың 36,7 пайызын әйелдер басқарады. Қазақстанда жоғары білімі бар әйелдер үлесі жоғары оқу орнын бітірген ерлерден асып түседі, - деді Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің директоры Татьяна Валовая.

Маман конференцияға бейне байланыс арқылы Швейцариядан қосылды. Ол Қазақстанның әйелдер құқығы мен теңдік мәселелерін шешудегі ұмтылысын, осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарын атап өтті. Кейіннен аталған мәселедегі әлемдік жетістіктерге тоқталды.  

Әйелдер мен қыздар әлем халқының жартысын құрайды. Сондықтан тұрақты даму мақсаттарына оларсыз қол жеткізу мүмкін емес. Соңғы онжылдықтарда әлемде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді: мектепке баратын қыздар көбейді, ерте тұрмыс құруға мәжбүр болған қыздар азайды, көшбасшылық және саяси қызметтерде әйелдер көбейіп жатыр және заңдар да гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін реформаланып жатыр, - деді ол.

Алайда Татьяна Валоваяның айтуынша, бұл жетістіктерге қарамастан гендерлік теңдікке қол жеткізу және оны кеңейту барлық жерде бірдей жүзеге асырылып жатқан жоқ.  

Өзгелердің жаңалығы