Елде запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

31 Қаңтар 2023, 10:40
1453
Бөлісу:
Елде запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Фото: Zakon.kz

Қазақстан үкіметі 2023 жылғы 26 қаңтардағы «Офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген 345 запастағы офицер офицерлік құрамдағы әскери борышын өтеу үшін 24 ай мерзімге мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Сонымен олар төмендегі қызметтерге шақырылатын болады:

260 адам-  Қарулы Күштеріне;
60 адам -  ҰҚК Шекара қызметіне;
16 адам -  ТЖМ-де;
9 адам- Ұлттық ұланға.

Қаулы 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі "Әскери қызметке міндеттілерді 2023 жылға дейін әскери қызметке шақыру туралы" бұйрық дайындады. Осылайша "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңға сәйкес 1500 әскери қызметке міндетті адамдар әскери дайындықтан өтуге шақырылады деп жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы