Елде заңсыз жүрген 107 шетелдік ұсталды

14 Шілде 2021, 00:20
1156
Бөлісу:
Елде заңсыз жүрген 107 шетелдік ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көліктегі полиция қыметкерлері «Нелегал-2021» жедел-алдын алу іс-шарасының аясында Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 107 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартқан, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландиннің айтуынша, заң бұзғандардың 102-сі – ТМД-ның, бесеуі – алыс елдердің азаматтары. 
Шара кезінде Қызылорда стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Ақтөбе-Алматы» жолаушылар пойызынан Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматын ұстады. Оның үстінен Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушыға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ сот қаулысымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге 27 шетелдік шығарылды, – дейді Көліктегі полиция қызметінің өкілі. 

Бұдан бөлек құзырлы органға шетелдіктердің ел аумағына өткені туралы 3 күн ішінде хабарламағаны үшін 22 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Қалижан Қобландин 5-12 шілде аралығында өткен шара кезінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған ТМД елдерінің 3 азаматы өз елінің қабылдау-тарату орнына қамалғанын айтады.


Өзгелердің жаңалығы